Жүгіру жолы
Кіру
AA+
Жүгіру жолы

Қазақ «Қариясы бар ел – қазынасы бар ел» дейді. Қарияларымызды құрметтеп, ардақтау – біз үшін парыз.
«Үлкенге – құрмет, кішіге – ізет» ете білген, бізге тағылымды жол көрсеткен аға ұрпақтың берген тәрбиесі мен тәлімі мол. Мерекеге орай, Алия Қуатбайқызы бастаған «Аида» балабақша ұжымы бүлдіршіндеріміздің 80-87 жастағы әжелеріне барып, құрмет көрсетіп, құттықтады. Балабақшамыздың балақайлары өнерлерін паш етті.
Қарттарым, жүректерің неткен дархан,
Көтерген тұрмыс жүгін сенің арқаң.
Жолыңды жүріп өткен қарсәм мен,
Оқитын келешекте бір-бір дастан!
Құрметті ардагерлер!
Сіздерді 1 қазан – Халықаралық қарттар күні мерекесімен құттықтаймыз!
Ақыл-кеңестің, үлгі-өнегенің сарқылмас кенішіндей болған қарттарымыз, сіздер аман-есен жүргейсіздер!
Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, құт-береке тілеймін!